Тұрғындардың 1 млрд теңге ақшасын қалтаға басқан қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

1 537

Фото: inkaraganda.kzМаңғыстау облысында "Капитал Мечты" қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол алымшыларға ай сайын салынған соманың 10 процентін төлеп тұруға уәде еткен

Фирма мүлікті сенімгерлік басқаруға алған. Қарыз беру шарттары да болды. Ал басшысы салымшыларға ай сайын салынған соманың 10 процентін төлеп тұруға уәде еткен. Сот санкциясымен қаржы пирамидасының жетекшісі қамауға алынды.

Жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келген. Салымшылар қаржы пирамидасына 1 млрд теңгеден астам қаржы салған. Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жіберілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.