Есірткі саудасына қатысы бар 11 күдікті ұсталды

1 513

Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр. 

Ведомствоның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратқан интернет-дүкеннің қызметін тоқтатқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың 11 қатысушысы ұсталған. Олардың қатарында ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық жағынан қамтамасыз еткен тұлғалар бар.

Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. Сонымен қатар қылмыстық схеманы үйлестіруге пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар алынған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары интернет арқылы есірткі сатумен айналысатын заңсыз арналардың жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.