"Біздің тарихымыз ұқсас": Қазақстан Украинаға жедел жәрдем көліктері мен дәрі-дәрмек жөнелтті

236

Қазақстан Украинаға үш жедел жәрдем көлігін жіберді. Аталған көліктер қазір ұрыс жүріп жатқан елдің оңтүстігі мен шығысындағы адамдарды құтқаруға көмектеседі. Бұл туралы Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz

Фото: pixabay.comБұл Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленский мен Қазақстандағы Украина елшілігінің қазақстандық бизнеспен бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде мүмкін болды. 

Ресей Украина жеріне басып кіргелі бері еріктілер Украинаны қолдау мақсатында түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізуде. Қазіргі таңда гуманитарлық көмек тиелген 20 жүк көлігі дайындалып жатыр. 

«Қазақ халқының тарихы біздің халқымыздың тарихына ұқсас. Қазақтар да ресейліктердің империялық озбырлығын сезінді. 1930 жылдары қазақтар украиндықтар секілді аштықты бастан өткізді. Халықтың тең жартысы – бір жарым миллионнан астам адам көз жұмды. Әсіресе, Украинадағы секілді ауыл адамдары қаза тапты. Олар біздің дертімізді, күресімізді түсінеді. Нәтижесін көріп отырсыздар, қазақстандық бизнеспен бірлесе отырып украиналық медиктерге жедел жәрдем көлігі алынды. Біз украиналықтардың өмірін құтқаруға күш салған барша серіктестерімізге алғыс айтамыз», - деді Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевскийдің әйелі Оксана Врублевская


Айта кетелік, қазіргі тағда еріктілер штабы жұмыс істеуде. Олар Черниновщинадағы мектептердің бірін қалпына келтіру үшін қаражат жинап жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.