“Қайрат” ойынында “Брюгге” жанкүйерлері Борат киімін киіп келген

1 536

Фото: Stan.kz коллажы20 қаңтар күні Астана Аренада "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы үйдегі соңғы матчында Бельгияның "Брюгге" командасын қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған ойында "Брюгге" жанкүйерлерінің әрекеті көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан үш жанкүйердің Бораттың бейнесіндегі ашық түсті манкини киіп келгенін көруге болады.

Кейін белгілі болғандай, полиция қызметкерлері оларды ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қоғамдық орында мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалалық полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін және мінез-құлық ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қазақ жанкүйерлерінің ашуын туғызуда.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.