Талдықорғанда зауытта жарылыс болып, үш адам зардап шекті

397

Талдықорғанда 27 маусым күні снаряд жарылып, үш адам зардап шекті. Оқиға шаһар маңындағы арматура зауытында болған.
Жарылыстан жарақат алғандардың барлығы да сол кәсіпорынның жұмысшылары.
Зардап шеккендер дереу жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, біріне шұғыл түрде күрделі ота жасалған. 
"Бауырды тігіп, бүйректі алуға тура келді. Қазіргі жағдайы орташа ауыр. Екінші науқас, ол травма бөлімінде. Жағдайы қалыпты. Оған ешқандай ота жасалған жоқ", - дейді дәрігер -хирург Қуат Нұрланұлы. 
Тағы бір зардап шеккен азамат дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілген. 
Қазір оқиға орнында саперлар тобы жұмыс істеуде. Олар жарылыстың мән-жайын анықтамақ. 
Ал, жарылысқа қатысты күштік құрылымдар ресми мәлімет бермеді.
Фото: ДСМ

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.