Өскеменде электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы көз жұмды

280

Өскемен қаласында қатты желден электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Фото: pixabay.com

Оқиға 17 шілде күні Чернов көшесінде болған. Қатты желден электр сымы үзіліп кеткен.

Алдын ала дерек бойынша, 74 жастағы ер адам мен 49 жастағы ұлы сымдарды қозғамақ болған кезде тоқ соғып, екеуі де сол жерде көз жұмған.


ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


"Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", –  деп хабарлады ведомство өкілдері.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.