Мектептерде сиыр еті мәзірден алынып тасталды

1 378

Фото: pixabay.comАтырауда Сібір жарасына байланысты мектептердегі мәзірден сиыр еті уақытша алынып тасталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл шара қалалық "Асыл-агро" мал базарының аумағында сібір жарасы бактериялары табылғаннан кейін жасалуда.

Атырау қаласының білім бөлімі қазір бұл аурудың мектеп оқушыларына жұқпауының алдын алуда. 


"Аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасы) алдын алу мақсатында біз Атырау облысының білім басқармасына қала мектептерінің перспективалық мәзіріне өзгерістер енгізу, яғни талаптарға сәйкес сиыр етін басқа өнімге ауыстыру туралы хат жолдадық", - делінген Білім бөлімінің басшысы.

Қаланың ет бөлімдерінде сиыр етіне сұраныстың төмендеуі байқалады. Қала тұрғындары қой мен жылқыны сатып алуға да күмәнмен қарайтынын жеткізді. Ал сатушыла болса ет балғындығы бұзылмау тұрып, өткізу үшін бағаны айтарлықтай төмендетуге мәжбүр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 қарашасында Атыраудағы мал сою цехының аумағында өлген малдан сібір жарасы табылуына байланысты карантин енгізілді. Содан бері малдардың арасында үш өлік тіркелді. Ал адамдар арасында сібір жарасының тері түрімен ауыратын екі науқас бар.