Желіде жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмыс орнында ішімдік ішіп, "Масленица" тойлаған видеосы тарады

1 630

Фото: видеодан кадрШығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында ішімдік ішіп, масленица мейрамын тойлаған жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.


Желіде медицина қызметкерлерінің жедел жәрдем станциясының ішінде дастарқан жайып, мейрам тойлап отырған видеосы тарады. Видеодан белгісіз біреудің станцияға жедел жәрдем қызметкерлерін іздеп келгенін байқауға болады. Ер адам бір кабинетте тойлатып отырған дәрігерлердің үстінен түседі. Бөлмеге кіргенде дастарқан басында отырған 6 дәрігер үстелде тұрған ішімдікті жасырады. Шемонаиха аудандық ауруханасының мәліметінше, бұл оқиға 17 наурызда болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.