Тас жолды еріген қар суы шайып кетті

1 513

Фото:© gov.kzАлматы облысы «Кеген – Нарынқол» республикалық маңызы бар автожолының 20-шақырымында еріген қар суының өтуі кезінде қолданыстағы су өткізу құбыры зақымдалып, жол опырылып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдың аталған учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Қазіргі кезде автокөліктердің жүруі балама бағыт ретінде ұйымдастырылған грунт жол арқылы жүзеге асырылып жатыр. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс жүргізуде, жалпы саны 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Мамандар жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. 

Алдағы уақытта қиыршық тас төселген уақытша айналма жол салу жоспарланған. Негізгі қалпына келтіру жұмыстары, атап айтқанда су өткізу құбырын жөндеу мен жол төсемін қайта қалпына келтіру еріген судың ағуы толық тоқтағаннан кейін басталады. Аталған жол бөлігі тәулігіне шамамен 500 көлікке қызмет көрсетеді. Жолдың құрылысы өткен ғасырдың 1960–1970 жылдарына тиесілі. Бұған дейін бұл аумақ су тасқыны қаупі жоғары аймақтар қатарына кірмеген. Қазіргі таңда учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан мердігер ұйымның қарауында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.