Ұлттық банк мысықтың суреті бар жаңа тиындарды айналымға шығармақ

1 132

Фото: Владислав ВодневҰлттық банк "Жүректен жүрекке" монеталар сериясынан “Шаңырағыңыз шаттыққа толсын” коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Су жаңа монеталар 3 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінде сатылымға шығады. 

"Шаңырағыңыз шаттыққа толсын (Үйіңде тыныштық болсын) монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. "Шаңырағыңыз шаттыққа толсын" деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелеріне тыныштық пен береке болсын деген тілектк айтылады”, – делінген хабарламада.

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

Жеке инвестициялық ұйымдар зейнетақы активтерінің табысы бойынша Ұлттық банкті басып озды. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды.

“Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті”, – деп жазды Ұлттық банк.

Монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалады.