Қазақстанда кәсіп бастау жасы төмендеді

1 507

Фото: ©ЖИЕлімізде 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнеспен айналыса алады, ол үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі болуы керек,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жеткіншектердің кәсіпкерлікпен айналысуына заң жүзінде тікелей тыйым салынбайды. 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін екінші деңгейдегі банктер немесе «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Алайда бұл үшін міндетті түрде ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімі қажет. Егер мұндай келісім болмаған жағдайда, қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты немесе кәмелетке толмаған тұлғаны толық әрекетке қабілетті деп тану туралы сот шешімі талап етіледі.

“14 жас деген тым ерте ғой. Алаяқтар өте көп, соларға алданып қалуы мүмкін. 16 жас болса, ойланып көруге болады”,“Ата-анасы өз бизнесін балаға жазып қойғаны қате. Ал бала мобилограф, SMM-маман болып жұмыс істесе, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені дұрыс деп ойлаймын”,- деді тұрғындар. 

Сонымен қатар, бұл бастамаға қоғамның көзқарасы әртүрлі: біреулер жастарға ерте жастан кәсіп үйренуге мүмкіндік беруді қолдаса, енді біреулер олардың құқықтық және қаржылық жауапкершілікке толық дайын еместігін алға тартады.