Шенеуніктер 38 миллион теңгеге орындық сатып алмақшы болған
240
Абай облысында мемлекеттік сатып алулардағы бағаны 1 миллиард теңгеге асыру дерегі анықталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше Семейдегі мәдениет сарайының басшылығы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын жобалау үшін 1 миллиард теңгеге байқау жариялаған. Негізінде мұндай қызметтің құны 10 миллион теңгеден аспайды екен. Агенттік ұсынысынан кейін бұл баға алынып тасталды.
Сонымен қатар мекеме басшылығы 200 есеге жоғары бағаға орындақ алмақшы болған. Мемлекеттік сатып алу сайтында орындық сатып алу үшін 38 миллион теңгеге байқау жариялаған. Дегенмен мұндай орындықтың бағасы 150 мың теңгеден аспайтындығы белгілі болды.