Мас жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодарда полиция мас жасөспірімнің ата-анасын жауапқа тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары түнгі сағат 3.10-да қаладағы Естай көшесінде мас жөспірімнің жүргенін анықтаған. Бала полицейлердің сұрағына жауап бере алмаған. Тіпті, ол қарсылық көрсетіп, дөрекі сөз айтқан.
Бұған дейін де жасөсірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бөлімге жеткізілген.
Айта кетейік, биыл Павлодар облысында балалары қоғамдық орындарда мас жүргені үшін 82 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылса, балалары (14-16 жас аралығы) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 39 ата-ана заң алдында жауап берді.