Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады

300

 Фото: www.roscosmos.ru/Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын спутниктер тобымен ұшыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 


Спутник 9 тамызында айлақтан ұшырылмақ.


 Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1 б» зымыран тасығышы Иран Ислам Республикасының тапсырысы бойынша «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс. 


Спутник Роскосмос құрамына кіретін кәсіпорындарда жасалған. 


Сондай-ақ топқа Иранның ЖҚЗ спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары, коммерциялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар ғылыми және технологиялық зерттеулер үшін құрған 16 шағын ғарыш аппараты - ресейлік шағын спутниктер ұшырылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.