Мектепте оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмды

1 548

Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға №27 білім беру мекемесінде болған. Жетінші сынып оқушысы партаның бұрышына соғылып құлап түскен.

"Бәрі аң-таң. Қызым оқиға үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырықтан аттап, тамағын үстелдің бұрышына соқты", – деді мектеп оқушыларының бірінің анасы. 

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

"13 жасар бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылды.  Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Қарау кезінде ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Есі жоқ, иек тұсы жараланған. Дереу реанимация басталды. Сағат 11:25-те көз жұмды", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.