73 жастағы зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

375
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 73 жастағы зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО  Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласы тұрғынының есірткі сақтағаны жайында хабар түскен. Тінту жүргізу барысында 73 жастағы зейнеткердің  дүкенінен кептірілген көкнәр сабағы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткінің жалпы салмағы 30 грамнан асады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.