Полицияның қалай жұмыс істейтінін тексермек болған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

1 548

Фото: tengrinews.kzЖамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар өздерін Ақтөбе қаласында екенін айтқан. Полицейлермен әңгімелесу барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзіл ретінде қоңырау шалғанын түсіндірді.


Жалған ақпарат үшін жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.