Елімізде электрик, сантехник, дәнекерлеушілердің жалақысы 50-100пайызға өспек

838

Қазақстанда коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни электрик, сантехник, дәнекерлеушілердің айлығы ұлғаймақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 22-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бірінші – коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекеушілердің жалақысын 50%-тен 100%-ке дейін көтеру. Осылайша, орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді», – деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысында.


Тағы бір өзгеріс – иесіз желілерді кезең-кезеңімен беру. Осылайша, 25 мың шақырымнан астам коммуналдық желі сенімгерлік басқаруға және коммуналдық меншікке берілмек.


Қабылданған түзетулер коммуналдық кәсіпорындардың иесіз желілерді ұстауға және пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың қамтылуын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.


«Жоғарыда атап өтілгендей, жүргізіліп жатқан тарифтік реформа тариф құрудың бүкіл процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделеді. Тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануды бақылау жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып қамтамасыз етіледі. Тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда, оған уақытша өтемдік тарифтер енгізілетін болады. Ал, табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапқа тартылады. Осылайша, коммуналдық төлемдер негізсіз көтерілген жағдайда, қаражат тұтынушыларға кейінгі шоттардағы қайта есептеу арқылы қайтарылады», – деп түсіндірді спикер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.