Роза Рымбаеваға айыппұл салынды

1 194

Фото: pixabay.comАқтауда Роза Рымбаева есімді кәсіпкерге рұқсатсыз акция өткізгені үшін айыппұл салынды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Ақтауда балаларға тегін балмұздақ тарату кезінде қоғамдық тәртіп бұзылғаны үшін жергілікті кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 29-шағын аудандағы Ars сауда үйінде орналасқан Abu Baby балалар киімі дүкені тегін азық-түлік пен сыйлықтар тарату бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырған. Алайда іс-шара жергілікті атқарушы органмен алдын ала келіспестен өткізілген. "Көпшілік жиналған шара қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкеліп, аймақтағы жағдайды ушықтырды", – делінген әкімдік мәлімдемесінде. Шараны ұйымдастырған кәсіпкердің аты-жөні Роза Рымбаева — бұл халық әртісі Роза Рымбаевамен тек тегі ғана сәйкес келген. 



 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.