Мемлекеттік кәсіпорын 1 теңгеге сатылады

400

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласындағы абаттандырумен шұғылданатын кәсіпорындарды 1 теңгеге бағалады- деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавлск.news сайтына сілтеме жасап. 


Құрылтайшысы Мамлютка ауданының әкімдігі болып табылатын "Мамлютское 1" ЖШС аукцион арқылы сатылмақ. Мұндай аукциондарда, әдетте, жабық мектептер, суқұбырлары, су мұнаралары, клубтар мен зауыттар сатылады. Мысалы, "Мұнаймаш" зауытының 30% акциясы бар-жоғы 455 млн теңгеге сатылған. 

4 қарашада "Мамлютское 1" ЖШС сатылатын аукцион өтеді. Кәсіпорын қарызына байланысты меншігіндегі ғимарат, автокөліктер, тұрмыстық техника 1 теңгеге бағаланды. 

Аукионның бастапқы бағасы 100 теңге болмақ. Аукцион сайты арқылы кәсіпорынның кәсіби бағалауын көруге болады. Айта кету керек, кәсіпорынның бюджетіне өткен жылы 6 миллион бөлінген. 

Adata.kz сайтының мәліметінше мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы кәсіпорын 32 млн теңгеге тең 31 келесімшарт жасасқан. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.