Ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

1 488

Фото: Pixabay.comПавлодарда бұрынғы әйелін өлтірмек болды деген күдікпен сотталған ер адамға үкім шықты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ольга Горкунова бұрынғы күйеуімен бірге 15 жыл тұрып, үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Ажырасқаннан кейін мүлік бөлісі болған. Әйелдің айтуынша, ол пәтер мен үш баланы күйеуіне беруден бас тартып, тек көлікті алып кетуіне келісім берген.

Былтыр жазда оған киллер шабуыл жасаған. Әйел мұндай жағдайдың болатынын алдын ала сезгенін де жасырмады.

“Жай ғана мүлде бейтаныс адам мен таңертең жұмысқа бара жатқанда, артынымнан келіп, пышақпен ұра бастады. Ештеңе айтқан жоқ. Бірақ мен үшін бұл істің артында бұрынғы күйеуімнің тұрғаны анық еді. Өйткені бізде қорқыту, ұрып-соғу және оның адамға лайықсыз қарым-қатынас жасағаны бойынша соттар болды”, – дейді жәбірленуші.