Қызылордада 600 орындық мектеп пайдалануға берілмек
127
Жуырда Қызылорда қаласына қарасты Бәйтерек мөлтек ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Бәйтерек ауданында көшпелі брифинг өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қызылорда қаласына қарасты Бәйтерек мөлтек ауданында 2020 жылы маусым айында басталған 600 орындық мектептің құрылысымен таныстырылды.
Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Бодановтың айтуынша, бұл мектеп биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Мектептің құрылысына бүгінде 3 жылға жуық уақыт өткен. Ал, қалалық Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мердігер мекеме үстіміздегі жылдың мамыр айына дейін толық қабылдануы тиіс дейді. Мектеп заманауи үлгіде бой көтерген, тіпті мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы лифтімен қамтамасыз етілгендігі де аталып өтті.

«Бүгінгі таңда мектеп құрылысының 95 пайызы тәмамдалды. Қазіргі күнде сыртқы абаттандыру жұмысы, жетіспейтін құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру ордасы 2023 жылдың мамыр айында толық бітеді деген жоспар бар. 2023-2024 оқу жылында қолданысқа беріледі деп күтілуде»,- деді Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев.
Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Бодановтың айтуынша, бұл мектеп биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
«Мектеп мәселесі толық шешіледі. Білім ордасының 40 сынып кабинетін ашуға мүмкіндігі бар. Бұған қоса, мектеп қолданысқа берілгенде 86 мұғалім, 61 кіші техникалық қызметкер жұмыспен қамтылады. 2023 жылы қыркүйек айында ашылу салтанатын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Білім үйі 2 ауысымда 1200 оқушыны қабылдауға әзір», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов.