Рамазан айында берілетін пітір-садақа мөлшері белгіленді

1 146
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір-садақа мөлшерін бекітті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақа мөлшері қандай болатынын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Елордада өткен баспасөз мәслихатында ол пітір 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелгенін түсіндірді. 

Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады, - деді Бас муфти.

Айта кетейік, барша мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айы 23-ші наурызда басталады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.