Үш буынды модельдің жүргізілу барысы талқыланды
460
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Жолдауында елде өкілеттіктерін нақты бөле отырып, үш буынды модельді енгізу қажеттігі туралы нақты нұсқау берді,- Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар қылмыстық саланы ЭЫДҰ дамыған елдерінің үлгісі бойынша жаңғыртып, азаматтардың құқықтарын уақтылы қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін үлгі қажеттігін жеткізген.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаның тұтас пакеті әзірленіп, қолданыстағы Қылмыстық-процестік заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аталған жаңашылдықтар Қызылорда облысында сәтті басталып, жоспарлы түрде іске асырылуда.
Жақында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Туғанбайқызы Кесебаеваның қатысуымен аталған тақырып бойынша облыстың құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен отырысы өтті.
Прокурордың қадағалау органы ретінде тергеу жұмысының сапасын арттыруда, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауда және азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудың алдын алуда ерекше рөлі атап өтілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында үш буынды модель аясында облыс прокуратурасына қылмыстық қудалау органдарының 4 909 шешімі келіп түсті.
Прокурорлар 4 736 шешімді мақұлдады, 173 немесе 3% бойынша келісуден бас тартылды.
Нәтижесінде жыл басынан бері азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері орын алмады.
Соттар қосымша тергеуге қайтарған қылмыстық істер саны 9-дан 2-ге немесе 4 есе азайды.
Облыстық соттармен прокурорлық қадағалаудың сапасына жеке қаулылар қабылданбаған.
Жаңа формат тергеу барысын созбалаңға салуға жол бермей, қылмыстық іс бойынша негізгі шешімдер қабылдау кезінде процестік мерзімдердің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.
Мәселен, прокурорлармен тергеу мерзімдерін үзу қаулыларының күшін жою 13 есеге, тергеу мерзімдері бұзылған істер 53% азайды.
Жаңа модельдің маңызды оң аспектілері - қағазбастылықтың болмауы және қажетсіз хат алмасудың болмауын айқындап берді.
Отырыс қорытындысы бойынша облыста үш буынды модельді іске асыру барысына оң баға берілді және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің заң шығарушы органының өкіліне қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Қызылорда облысының прокуратурасы