7 жылдан аса уақыт алимент төлемеген адам бас бостандығынан шектелді

1 358

Фото: Әбілқасым ЕсентаевАқмола облысында балаларына 7 жылдан аса уақыт алимент төлемеген адам ақыры сотталып тынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, Біржан Сал ауданында кәмелетке толмаған балаларына алимент төлемеген адамға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

«Борышкер 7 жылдан астам уақыт алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, өз міндетін орындау үшін шаралар қабылдамай, әрекетсіз болған. Нәтижесінде борышкердің қарызы 1 млн теңгеден асты. Соттың үкімімен борышкер ҚК 139 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасына кесілді. Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз», - делінген прокуратура хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.