Жоғарғы оқу орны "пәк" қыздардың тізімін жариялап жіберген
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы деректі тарату заң бұзушылық екенін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Бұл мәселе бақылауға алынды, себебі бұзушылық айқын көрініп тұр. Айыптылар заңнамаға сәйкес жазаланады. Дербес деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық болатын шығар”, – деді Нұрбек.
“Бұл ақпарат не үшін қажет болды” деген сұраққа министр “жеке деректерге салғырт қарау салдарынан болған шығар” деп болжады.
Бұған дейін WhatsApp мессенджеріндегі 190 адам бар топқа жоғарғы оқу орнында оқитын студент қыздардың тізімі көрсетілген төрт құжат жіберілгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді. Онда флюорографиядан өтуі керек студенттер белгіленген. Кестеде қыздардың ЖСН, телефоны және гинекологиялық сипаттағы деректері көрсетілген.
Сонымен қатар кім "пәк" екені туралы да ақпарат жүр. Құжаттар түрлі топтарға, факультетке тарап кеткені белгілі.