Маңғыстау облысында 15 көліктен құралған кортеж жол ережесін өрескел бұзды

372
Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылында он бес көліктен құралған кортеж жол ережесін өрескел бұзып, полиция назарына ілікті. Полицейлер тек сегіз құқықбұзушыны таба алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. 

Кортеждің видеосы 25 шілдеде желіде жария болады. Полицияның хабарлауынша, видеодағы жағдай Басқұдық ауылының орталық жолында сағат 06:30 шамасында болған. Кортеждің сегіз жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қарсы хаттамалар толтырылып, көліктері айып тұрағына жеткізілді. Кортеждің қалған мүшелерінің жеке бастары анықталуда. Полиция жүргізушілердің қандай құқықбұзушылықтар жасағанын айтып берді. 


Mercedes-Benz E320 - маневр жасау ережелерін бұзу және қиылыстарды кесіп өту ережелерін бұзу. 


Chevrolet Tracker - жол ережелерін бұзу және төтенше жағдайдың туындауына әкеліп соқтыру, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда, жол жиектерінде немесе тротуарларда қозғалыс ережелерін бұзу. 
Лада 21723 - қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау және міндетті сақтандыру шартын жасаспау. 


Toyota Camry - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотоцикл шлемдерін пайдалану талаптарын сақтамау, бағдаршамның қызыл белгісінде жүру және міндетті сақтандыру шартын жасаспау.


 Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Primera және Toyota Camry - қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау. Toyota Camry - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау , мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ көлік құралын басқару және жарық қондырғысын заңсыз орнат және пайдалану.