Ер адам әйелін ұрып-соғып, жақ сүйегін сындырды

1 538

Фото: pexelsШымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында азаматтық некедегі жұбайын соққыға жыққан ер адамның ісі қаралды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық соттың мәліметінше, оқиға өткен жылдың 1 мамырында Жаңаталап шағын ауданында болған. Кешкі уақытта жанжал барысында ер адам азаматтық некедегі жұбайының бетінен бірнеше рет ұрып, оның жақ сүйегін сындырған. Сараптама нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына орташа дәрежедегі зиян келтірілгені анықталған.

Сот материалдары бойынша, прокурор айыпталушыға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Жәбірленуші де бас бостандығынан айыруды және азаматтық талап арызды қанағаттандыруды талап етті. Ал айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындап, ақтауды сұрады.

Сот тараптарды тыңдай отырып, жауапкердің кінәсін ішінара мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Нәтижесінде айыпталушы ҚК-нің 107-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.