Сахнаға мас күйде шығып, бейәдеп әрекет жасаған әртістерге 2,2 млн теңге айыппұл салынбақ

1 542

dzen.ruМәдениет және ақпарат министрлігі «Ашық НҚА» порталына өнер адамдарының сахнада өзін бейәдепті ұстауына тыйым салуға қатысты қаулы жобасын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаулы жобасы авторларының айтуынша, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әртістердің көрермендермен байланыс орнату кезінде орынсыз мінез-құлқы, әртістің мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысындағы әдепсіз мінез-құлқы, бейәдеп сөздерді қолданғаны, алкоголь ішімдігін ішкені, алкогольге және/немесе есірткіге мас болғаны, сондай-ақ психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларды қолданғаны үшін жауапкершілік енгізілмек.


Ұсынылып отырған нормативтік-құқықтық актіні енгізудің негізгі мақсаты – халықтың құқығы мен заңды мүддеcін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ концерттік қызмет пен концерттік ойын-сауық іс-шараларды ұйымдастыру сапасын арттыру.


Қаулы құжатында жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 млн теңге) көлемінде айыппұл салу ұсынылды. Ал бір жыл ішінде мұндай заң бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады.


Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2022-2024 жылдары шетелдік және отандық әртістердің қатысуымен, сонымен қатар Қазақстан аумағында концерт ұйымдастырушыларға қатысты даулы оқиғалар ірі қоғамдық резонанс тудырған және әлеуметтік желіде көптеген теріс пікір қалыптастырған.


Айта кетсек, Қазақстанда 2020 жылы да осыған ұқсас заң жобасы қабылданған болатын. Оның нормаларына сәйкес, өнер иелері өзін бейәдеп ұстамауы керек. Аталған нормалардың ішінде өнер иесіне мас халде сахнаға шығуға тыйым салынуға тиіс болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.