Семейде оқушы қызды көлік қағып кетті

170

Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

18 қазан күні, сағат 18:33-те «LADA« маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, 2015 жылы туған кәмелет жасына толмаған қызды қағып кетті. Салдарынан қыз бала алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).

«ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінде.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.