Қызғалдақпен суретке түскен әкім не себепті жауапкершіліктен босатылды

2 497

Фото: Видеодан скриншотАқтөбе облысында қызғалдақ ұстағаны үшін жауапқа тартылған ауыл әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік іс сотта өз дәлелін таппады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жұлынған қызғалдақпен суретке түскен Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік айып сотпен алынды. Судья мұны полиция нақты дәлел ұсынбады деп түсіндірді. Ақтөбе соты қызғалдақпен суретке тускен ауыл әкіміне қатысты істі осылай қорытындылады.

“Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік іс әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын. Қаулы табыс етілгеннен бастап 10 тәулік ішінде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы Ақтөбе облысының сотына шағым апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін. Хаттамада қызғалдақ жұлынған жер Бердібаеваның түсініктемесі бойынша Қандыағаш-Жұрын тасжолының жиегінде деп көрсетілген. Бірақ лауазымды тұлға орнын барып қарамаған. Дәлел ретінде фото тіркелген”, – деді судья Айпатша Мусина.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.