Кәсіпкерлерге қарсы арызданған Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

1 559

Фото: aliya_nazarbayeva_officialЭкс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева бірқатар кәсіпкердің үстінен шағым түсірді. Алайда сот кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Бұл туралы КазТАГ мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен серіктесі Медғат Қалиевті рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап, сотқа берді. Өткен аптада сот құқықбұзушылықтың анықталмауына байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.


Айта кетейік, ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған еді.


"Бізді қолдаған жанашыр азаматтарға алғысымды білдіремін. Атышулы есімдерге қарамастан заңды әрі әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғыс айтамын. Арызымыз 4 ай бойы бір органнан екінші органға жіберілгендіктен, істің әділ аяқталуына күмәнмен қарадық. Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігіне қарағанда ескінің сарқыншағын емес, заңды басшылыққа алатынына көзіміз жетті. Ішкі істер министрлігі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі жіберген өтінішті қарайды деген сенімдеміз", – деді Нұрлан Баймурзин.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.