Бір отбасы газдан уланып қаза болды

490
Алматы облысы Іле ауданындағы Жомарт саяжайында бір отбасының 3 баласы мен күйеуі газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Оқыс оқиға таңғы бесте болған. Журналистің айтуынша, жанұя бұл саяжайға жақында көшіп келген. 


Өте өкінішті. Алматы облысындағы Іле ауданына қарасты саяжайда бір түнде бір отбасындағы 4 адам газдан уланып қаза тапты. Отағасы мен 3 ұлынан айырылған анаға көңіл айтамыз. Отбасы бұл саяжайға жақында көшіп келіпті, - деді журналист Гүлмира Әбіқай.


Қайғылы жағдай 6 қыркүйекте болған. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдардың уланғаны туралы ақпарат кезекші бөлімнің пультіне сағат кешкі 6–лар шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар 1970 жылы туған отағасы мен оның 3 ұлының жансыз денесін тапты. Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста.

Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те жұбайын жұмысқа апарып, үйіне қайтады. Шамамен 16.00-де жұмыстан қайтқан әйел оларды өлі күйінде тапқан. Марқұмдар пропан газы баллонынан уланған, деді баспасөз қызметіндегілер.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.