Әскерге көшеден ұстап әкеткен азаматтың қандай құқығы бар?

1 708

Фото: Рexels.comҚорғаныс министрлігі әскерге шақырылған азаматты комиссариат  қызметкерлері күштеп ұстап әкету оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, азамат конституциялық құқығынан айырылмайды. Яғни, адвокатқа жүгінуіне, қалаған адамына телефон соғуына құқығы бар. 

Мектеп бітіріп, жоғары оқу орынға түсіп үлгерместен әскерге күштеп алып кеткен талапкердің қандай құқығы бар:

“Жиналу орнына жеткізілген кез келген Қазақстан азаматы конституциялық құқығынан айырылмайды. Атап айтқанда, адвокаттың көмегіне жүгіне алады, сондай-ақ жеке уақыты кезінде телефон пайдалана алады. Сонымен қатар, әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру туралы шешімді тиісті шақыру комиссиясы қабылдайды (Заңның 28-бабының 3-тармағы)", – деп жауап берді қорғаныс министрлігі.

Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 

  •  Әскери қызметке шақыруға жатады; 
  •  Әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын; 
  •  Әскери қызметке шақырудан босатылсын; 
  •  Әскери міндеттi атқарудан босатылсын. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.