40 жастағы әйел биіктен құлап, қаза тапты

1 507

Фото:© Алматы ПДПолиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Алматының Алмалы ауданында полицейлер 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты мән-жайды анықтап жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрған көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері пәтерді тексеру кезінде жедел-тергеу тобы тергеу үшін маңызы бар материалдар мен жайттарды анықтағанын хабарлаған.

"Тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Оқиғаның толық көрінісі анықталып, ықтимал себептері, марқұмның өмір салты, араласқан ортасы және қайғылы оқиғаға дейін болған өзге де жайттар зерттелуде", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.