Шымкентте ЛРТ және БРТ салынбақшы

258

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің бас жоспарына ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отырғанын айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі   turkystan.kz сілтеме жасап. 

Шымкент

Шымкент қаласы бас жоспарының 2012 жылдан бері өзгермегендігін айтқан қала әкімі жаңа өзгеріс жасалып жатқандығын жеткізді.

«Біздің қаланың бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Ол кезде облыстық қала болды. Бүгін республикалық қала. Халықтың саны 500 болса, қазір 1 млн-нан асып кетті. Сол үшін халықтың өсу динамикасына байланысты өзгерістер енгізіліп жатыр», – деді Әйтенов.

Сондай-ақ, ол жаңа бас жоспарға ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отырғандығын мәлімдеді.

«Өткен аптадан бастап 1 айға дейін қала тұрғындарының ұсынысын қабылдау басталды. Сол жерде ЛРТ мен БРТ салу туралы ұсыныстар келіп жатыр. Эсперттердің ұсынысымен миллиондық қалаға 6 алтернативті транспорт керек. БРТ-ны арнайы жолмен қолдануға болады. ЛРТ жүйесі шеңбер болып сызылып жатыр. Оны іске қосу барысын үкіметпен ақылдасып жүргіземіз. Үлкен жобаларды инвесторлармен бірге енгізетін боламыз» – деді ол.