Сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті мен Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірлесіп, жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл топ бірнеше жыл бойы әрекет етіп келген. Күдіктілер әлеуметтік осал топтағы әйелдерден, оның ішінде шетел азаматтарынан туған нәрестелерді заңсыз жолмен алып, оларды сатып отырған.
Қаз
Рус






