9,5 млн теңге: Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қатаң жаза қолданылмақ

344

Фото: Ақорда прессМемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшерін 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi Ulysmedia.kz сайтына сiлтеме жасап.


Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтқан.

Бұған дейін Үкімет басшысына отандық сенаторлар депутаттық сауал жолдап, мемлекттік рәміздерге қорлағандарға заңды күшейтуге, айыппұл мөлшерін екі есе арттыруды және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды талап еткен-ді. 

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабында көзделген жауапкершілікті қатаңдатуды, соның ішінде ең жоғары айыппұлды 2 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімін 600-ден 900 сағатқа дейін ұлғайту бойынша түзетулерді мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.


2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 АЕК - 3 180 теңгеге тең. Бұл ретте мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9 540 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуі қажет болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.