Зеленский: Қолға түскен сарбаздар Ресейге қайтудан бас тартуда

346
Украина қарулы күштерінің қолына түскен Ресей сарбаздары елге қайтудан бас тартып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Оларды Кремль де кері қайтарғысы жоқ. Кезекті жолдауында президент Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ақ үй басшысы Джо Байденге көмек көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдірді. Зеленский нақты қандай жәрдем екенін әзірге ашып айта алмайтынын жеткізді. Украина президенті Ресей әскеріне жалданатын жауынгерлерге қысқа ғұмыр үшін төленген ақшадан ұзақ өмірдің абзал екенін ескертті.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Ресей әскері оларды 24 ақпаннан кейін не күтіп тұрғанын, қарсылыққа тап болатынын білмей қалды. Міне 22 күннен бері біз оларға тойтарыс беріп келеміз. Бізде Ресей әскері басқа елдерден жауынгер жалдап жатқанын жақсы білеміз. Украина жерін жаулауға келетін адамдарға бұл олардың өміріндегі ең жаман шешім екенін ескертемін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.