САМАТ НҰРТАЗА: Кім бұларды “асылдың тұяғы, текті азамат” дей алады?

430

Фото: видеодан скриншотПетр Букейханов пен Владимир Рыскулов! “Текті ұрпақ” дейсіздер ғой. Менің ойымша әр буын өзінің тектісі мен тексізін айқындап алады,- деп хабарлайды Адырна. 


 Бір буынның “тектісі” келесі буынға “текті” болмауы ықтимал. Өз кезегінде “тексізден текті туу мүмкін”. Ата-бабасы болыс пен би болғандардың ұрпағы екі сөздің басын қоса алмайтынын көрдік, кеше мектепті зорға бітірген қарапайым қойшының баласы ел басқарғанын көрдік.

Әйтпесе Сұлтан Бейбарс пен Шыңғысхан қаған құлдықта болған. Кім қазыр оларды “құлдың тұқымы” дей алады? Ал Әлихан мен Тұрардың ұрпағы суретте. Кім бұларды “асылдың тұяғы, текті азамат” дей алады? Әлдей дей аламыз ба?

Осы кейде «Жеті Ата» дегеннен гөрі «Жеті Апа» деген маңызды сияқты. Себебі генеологиямызға бір-екі “бабуля” қосылып кетсе, лағып кететін сияқтымыз ғой …


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.