12 жастағы бала әткеншекте ойнап жүріп көз жұмған

1 504

Фото: ©Pexels.comОқиға 1-ші маусым күні Мұнайлы ауданында тіркелген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, баланы алғаш болып басқа 1 бала байқап қалған. Әуелде ол оны әткеншекте ойнап отыр деп ойлаған, алайда жақындап келгенде баланың қимылсыз жатқанын көрген. Осыдан кейін ата-анасына, кейін жедел жәрдем қызметі мен полицияға хабар берілген. Жедел медициналық жәрдем станциясы шақыртудың түскенін растады. Дәрігерлер оқиға орнына келіп, 2014 жылы туған баланың қайтыс болғанын анықтаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйлердің бірінің ауласында орналасқан әткеншекте отырған баланы алғашында ойнап отыр деп ойлаған. Алайда жақындап барған кезде оның ес-түссіз жатқанын байқап, дереу ата-анасына хабар берген. Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 12 жастағы бала аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиға салдарынан жарақат алған. Аталған факті бойынша адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаның нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болатынын айтқан. Құзырлы органдар оқиғаға қатысты барлық мән-жайды қарастырып жатыр.