Жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

1 525

Фото: PixabayАлматы облысында мемлекеттік субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру ісі бойынша сот үкімі шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында "БАҒДАУЛЕТ и ПК" АӨК және "АМАНТАУ-2023" АӨК басшысы екі жыл бойы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып отырған.

Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сондай-ақ сары май мен қатты ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынылған. Жалған құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген.

Алайда кооперативтерде көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік қуаттар, жабдықтар, жұмысшылар және өзге де ресурстар болмаған.

Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған "ComputerService" ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы анықталған.

Нәтижесінде бюджетке төленбеген салық сомасы 416 млн теңгеден асқан.

Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі адамды 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған "BMW" автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.