Көшеде атпен шапқан бала көлікке соғылды

1 519

Фото: ©Pixabay.comТаразда кәмелетке толмаған бала атпен көлікке соғылып, жануар қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласында кәмелетке толмаған бала атпен шауып келе жатып, «Toyota» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Әлеуметтік желіде тараған видеодан аттың балаға ие бермей екпіндей шауып, көлікке соқтығысқан сәтін көруге болады. Соққы салдарынан бала атымен бірге ұшып, асфальтқа құлаған. Тараз қаласының ПД мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылған.

"«Toyota» маркалы автокөлігі мен кәмелетке толмаған бала мінген жануарға қатысты жол апаты дерегі бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Баланың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тексеру шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады," – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.