Көшеде атпен шапқан бала көлікке соғылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Таразда кәмелетке толмаған бала атпен көлікке соғылып, жануар қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараз қаласында кәмелетке толмаған бала атпен шауып келе жатып, «Toyota» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Әлеуметтік желіде тараған видеодан аттың балаға ие бермей екпіндей шауып, көлікке соқтығысқан сәтін көруге болады. Соққы салдарынан бала атымен бірге ұшып, асфальтқа құлаған. Тараз қаласының ПД мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылған.
Қаз
Рус






