Қарттар үйінің қызметкерлері 84 жастағы әжені далаға киімсіз шығарып, әдейі тоңдырған

1 421

Фото: pixabay.comПавлодар облысындағы қарттар үйінің қызметкерлері сондағы дәрменсіз қарияларды қорлады деген ақпарат бұған дейін де расталған еді. Ал бүгін облыстық прокуратура Ақсу қаласында мемлекеттен қаржы алып отырған пансионаттың сұмдық әрекеттерін мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Прокуратура мекеме ішіндегі камералардың жазбасын қарап, жаға ұстаған.

«Пансионат қызметкерлері осы қарттар үйінде өмір сүріп жатқан екі қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Қариялардың бірі тіпті 84 жастағы әже.  Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында далаға сырт киімсіз шығарып, далада ұстаған», - деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.

Қазір осы іске кінәлі тұлғалардың бәрі анықталып, тергеу басталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.