Өрт шықты деген ақпарат расталмады

357
Нұр-Сұлтандағы жаңа мешітте өрт шыққаны туралы қауесет қазақстандықтарды дүрліктірді. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, мешіт аумағында ешқандай өрт болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіт құрылысынан қою түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Тілші айтылған орынға барғанда, ештеңе байқалмаған. Мешіт ғимаратында өрт шықаны туралы ақпарат расталмады.

Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мешіттегі өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Өрт туралы ақпарат 101 пультіне түскен жоқ. Мен өзім көз жеткізу үшін бұл аймаққа келдім. Көріп отырғандарыңыздай, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр және ешқандай өрт жоқ. Ресми түрде мәлімдейміз", - деді Талғат Уәли.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.