КОМЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТТЫ

488
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады. 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.
Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.
Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.
Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.
Қызылорда облысында коммерциялық қызметтер көрсетілетін ХҚКО-лар мынадай мекенжайлар бойынша қолжетімді:
№ 1Қызылорда қалалық бөлім      Қызылорда қ-сы,.Мұратбаев к-сі,2Е
№ 2 Қызылорда қалалық бөлім     Қызылорда қ-сы, Астана даңғылы 46 
№ 3 Қызылорда қалалық бөлім     Қызылорда, қ-сы, Ақмешіт м-а, 1/50А
Шиелі аудандық бөлімі                 Шиелі кенті, С.Кәрімбаев к-сі, 16А уч. №16
Арал аудандық бөлімі                   Арал қ-сы, Қарасақал Ерімбет к-сі,67
Қазалы аудандық бөлімі              Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы к-і,126А
Қармақшы аудандық бөлімі       Жосалы кенті, А.Құнанбаев к-сі,100А
Жалағаш аудандық бөлімі         Жалағаш кенті, Қазбек би к-сі, 44
Сырдария аудандық бөлімі        Тереңөзек кенті, .А.Иманов к-сі,76
Жаңақорған аудандық бөлімі    Жаңақорған кенті, Сығанак   к-сі, 2