ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
172
Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытынды жиыны өтті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Басқосуда аудан басшысы алдымен саяси науқанда сырбойылықтардың, оның ішінде жалағаштықтардың да белсенділік танытқанын тілге тиек етіп, қатысушыларға да алғысын білдірді.
– Жексенбідегі саяcи науқанда Сыр елі сыр алдырмады, ал өзіміздің жалағаштықтар жауаптылық танытты. Бұл аймақтың, жалпы аудан жұртының ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартады. Баршаңызға кешегі саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, елімізге береке, бірлік тілеймін, – деді аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы.
Мұнан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев пен билер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов ағаларымыз сөз алып, кешегі саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.
Расында сайлауда жалағаштықтар белсенді болды. Бұл сөзімізді саяси науқан күнгі әрбір сайлау учаскесіндегі жағдай растайды. Күннің қай мезгілінде болсын өз таңдауын жасауға келген халық көп болды. Бастысы, ел болып ауызбіршілікпен сайлауды өз деңгейінде өткіздік.
Жиында Асқарбек Есжанов жексенбідегі сайлауда саяси науқанның заң аясында және жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар азаматты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.