Сәби шемішкеге қақалып мерт болды
1 619
Петропавлда кішкентай бала тамағына шемішке тұрып, өкпесі бітеліп көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға Бірлік жаңа ықшамауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, анасы дүкенге аз уақытқа шығып кеткенде балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сол сәтте екі жасар бала шемішкеге қақалып қалған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем баланы құтқара алмады – сәби көз жұмды.
"Екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.







