900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

1 427

Фото:  Минобороны РКҮкімет «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын»,—делінген құжатта.

Келер жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады:

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – 700,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131,

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.

Айта кетейік, қаулы 3 желтоқсанда күшіне енеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.